VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАСТАУ» КИНОФЕСТИВАЛІНЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

VIІI Халықаралық «БАСТАУ» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестиваліне өтінімдер қабылдау басталғаны жөнінде қуана хабарлаймыз!

Биыл фестиваль желтоқсан айының 3 мен 7 аралығында Алматыда өтеді.

Сонымен қатар, «Бастау» кинофестивалінің ресми бағдарламасы да өзгергенін айта кеткен жөн. Енді фестивальдің іріктеу комиссиясы  төмендегі халықаралық конкурстық бағдарламаларға ұсынымдар қабылдайды:

BASTAU SHORTS– соңғы екі жылда Еуропа, жақын және алыс шет елдерде түсірілген қысқаметражды студенттік фильмдердің (ұзақтығы 5-30 минут көркем, анимациялық, деректі туындылар)  халықаралық байқауы.

BASTAU DEBUTS – соңғы екі жылда Еуропа, жақын және алыс шет елдерде түсірілген толықметражды дебюттік фильмдердің (70 минуттан басталатын) халықаралық байқауы.

Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген жас киногерлер қатысушының формасын толтырып, ағылшын тілінде субтитрлері бар фильмнің электронды нұсқасымен бірге фестивальдің бағдарламалар қызметінің эл.поштасына - festivalbastau@gmail.com жіберулері қажет.

Ұсынымдар 2019 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.

«БАСТАУ» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі Еуразия, алыс және жақын шел елдерінің жас киногерлері арасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және мәдениет саласында білім алмасу мақсатында ұйымдастырылған.

Фестивальдің девизі: «ЖАС ҰРПАҚ КИНОСЫ».  

Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің президенті - Сергей ӘЗІМОВ.

Фестивальдің жұмысы туралы толық ақпаратты www.bastauiff.kz сайтынан таба алазыдар.