ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАСТАУ» СТУДЕНТІК ЖӘНЕ ДЕБЮТТІК ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ РЕГЛАМЕНТІ

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАСТАУ» СТУДЕНТІК ЖӘНЕ ДЕБЮТТІК ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ РЕГЛАМЕНТІ

 

Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі Еуразия, алыс-жақын шетелдік жас киногерлерінің арасында халықаралық ынтымақтастық және мәдени байланыс орнату мақсатында  өткізіледі.

Фестиваль ұраны: «ЖАҢА БУЫН КИНОСЫ».

Фестиваль Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қаланың бірі, көне Ұлы Жібек жолындағы Батыс пен Шығыстың өзіндік алтын көпіріне айналған –Алматы қаласында өтеді.

«Бастау» ХКФ ең алдымен адамның бойындағы өнерді, сонымен қатар өнердегі адамның қолтаңбасын ашуға септігін тигізеді. Бұл формула мәдениет пен өнердің құндылығы, ерекшелігі мен сан алуандығын киноның тілі арқылы көрсетуге тырысып жүрген киногерлер мен киносаласын зерттеушілердің басын біріктіреді.

Қазіргі заманғы кинематограф күнделікті тіршіліктен қашпайды. Дегенмен көрерменді күйзеліске ұшырататын негативті тақырыптардан аулақ болуға тырысады. Көбінесе жеке тағдырлардың драматургиясы көрініс табатын мәдени кеңістік семантикасы мен эстетикалық көркемділікке баса назар аударады. Мәдени, нәсілдік кемсітушілік, адамның намысына тиетін, халықтар арасында алауыздық туғызатын фильмдер фестивальға жіберілмейді.

Фестивальдың ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.   Бұдан басқа тілдердегі фильмдерге орыс не ағылшын тілдеріндегі субтитрлер салып ұсыну керек. 

ФЕСТИВАЛЬДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
«Бастау» студенттердің  және дебют фильмдердің халықаралық кинофестивалін «Бастау» ХКФ Бас Дирекциясы, «Кинокомпания Tanaris Production» ЖШС, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен A Team компаниясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы, ТҰРАН Университеті, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АО өткізеді.

ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ

Конкурстық бағдарлама:

BASTAU SHORTS – Еуропа елдері, алыс-жақын шетел студенттерінің кейінгі 2 жылда түсірген қысқа метражды фильмдерінің  (ұзақтығы 3-40 мин. аралағындағы ойын, аннимациялық, деректі фильмдер)  халықаралық конкурсы.     

BASTAU DEBUTS – Еуропа елдері, алыс-жақын шетелде кейінгі 2 жылда түсірген толық метражды дебюттік фильмдерінің (70 минуттан бастап) халықаралық конкурсы.

Конкурстан тыс бағдарлама:

BASTAU HERITAGE – Кино майталмандарының ретроспективалары;

BASTAU DOCS – Деректі кинолардың бағдарламасы;

BASTAU KZ – Жаңа қазақстандық киноның бағдарламасы;

BASTAU INDUSTRY – іскерлік алаң:

Дөңгелек үстелдер, шеберлік дәрістер, баспасөз мәслихаттары, питчинг.

Фильмдердің көрсетілімі мен іс-шаралар бағдарламасын «Бастау» ХКФ Бас дирекциясы белгілейді.


КӨРСЕТІЛІМДЕР ФОРМАТЫ

Ресми бағдарлама фильмдері түсірілген түпнұсқа форматта қабылданады: DCP, сонымен қатар DVD, Bluray-де және ағылшын субтитрлерімен  түпнұсқа тілде интернет-тасымалдаушыларда қабылданады. 

Фестивальдың қандай да бір бағдарламасына сәйкес келген фильмді қатысатыны туралы ресми түрде бекітілген соң қайтарылып алуға болмайды. Әр фильм фестиваль аясында үштен артық көрсетіле алмайды.   Барлық шарттар мен мерзімдерміндетті түрде орындалуы тиіс. Әйтпесе «Бастау» МКФ Бас дирекциясы фильмді кинофестиваль бағдарламасынан шығарып тастауға қақы бар.

ӨТІНІМ БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Бастау» ХКФ бағдарламасына фильмін қатыстырғысы келгендер қатысушы үлгісін толтырып, өтінім мен ағылшын субтитрлері бар фильмнің электронды сілтемесін кинофестивальдың бағдарламалық қызметіне мына электронды поштаға жіберуі тиіс:  festivalbastau@gmail.com

Фильм  конкурстық бағдарламаға қабылданды деп ресми расталған кезде фильм авторлары «Бастау» ХКФ Бас дирекциясына келесі құжаттарды жіберулері керек:

  • Субтитр парағы (диалогтар парағы) ағылшын тілінде;
  • Синопсистер, жарнамалық құжаттар, баспасөз құжаттары;
  • Каталогқа арналған құжаттар (фильм авторлары туралы мәліметтер, режиссердің фотосуреттері, фильмнің постері,фильмнің трейлері және 3-4 дана кадр.).

ФИЛЬМ КӨШІРМЕЛЕРІН ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК БЕРУ

Кинофестиваль бағдарламаларында көрсетілетін конкурстық және көрсетілімдер үшін таңдап алынған фильмдерді Алматыға жеткізу және қайта жөнелту шығындарын «Бастау» ХКФ Бас дирекциясы өз мойнына алады.

Фильм көшірмесін жіберуші фестивальдың Бас дирекциясына жөнелтту формасын ескертуі және электронды поштаға әуе жүкқұжатының көшірмесін жіберуі керек.

Фестиваль бағдарламасына енген фильмдердің көшірмелерін сақтау және оларға кепілдік беру шығындарын «Бастау» ХКФ Бас дирекциясы өтейді.

КОНКУРС БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР

Кинофестивальдың ресми бағдарламасына қатысу үшін фильмнің бір өкілі (режиссер, актер/актриса, продюсер немесе түсірілім тобының басқа бір мүшесі)   «Бастау» ХКФ Бас дирекциясымен алдын ала ақылдасады.

«Бастау» ХКФ Бас дирекциясы фильм өкілдерінің келіп-кету жолын, орналасу шығындарын мойнына алады.


ФЕСТИВАЛЬ ҚОНАҚТАРЫ

Кинофестивальға қонақтар шақыру, олардың  келуі, оларды аккридеттеу шарттрары мен мерзімдерін «Бастау» ХКФ Бас дирекциясы шешеді.

Кинофестивальға қонақтардың келу шарттары олардың шақыру кезінде алдын ала келісіледі.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Конкурстық фильмдерді бағалау үшін халықаралық және Студенттік қазылар алқасы құрылады.

«Бастау» ХКФ Бас дирекциясы халықаралық және Студенттік қазылар алқасы мүшелерінің Алматыға келіп-кетуі және олардың тұруына қатысты шығындарды мойнына алады.

Қазылар алқасының құрамына конкурстық картиналарды түсірген немесе коммерциялық прокатқа қатысқан адамдар кіре алмайды.

ЖҮЛДЕЛЕР

Қысқаметражды фильмдер конкурсының халықаралық қазылар алқасы конкурстың мүсін-жүлдесін келесі номинациялар бойынша береді:

Үздік қысқаметражды деректі фильм үшін жүлде

Үздік қысқаметражды аннимациялық фильм үшін жүлде

Үздік қысқаметражды ойын фильмі

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі

Қысқаметражды студенттік фильмдер конкурсының Студенттік қазылар алқасы кинофестивальдың мүсін-жүлдесін келесі номинациялар бойынша береді:

Үздік қысқаметражды фильм үшін Гран-при

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі

Толықметражды фильмдер конкурсының халықаралық қазылар алқасы конкурстың мүсін-жүлдесін келесі номинациялар бойынша береді:

Үздік фильм үшін Гран-при жүлдесі 

Үздік режиссер жұмысы үшін жүлдесі

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі

Үздік ерлер рөлі үшін жүлдесі

Үздік әйелдер рөлі үшін жүлдесі

«Бастау» ХКФ Бас дирекциясы қосымша жүлделерге қоса демеушілер жүлдесін бекіту және тағайындауға құқы бар.  

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Кинофестивальға қатысу үшін осы Регламенттегі барлық баптарды орындау қажет.

МЕКЕНЖАЙЫ МЕН БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

 «Бастау» ХКФ Дирекциясы
Алматы қ., 050057, Тимирязев көш., 73А

 "TANARIS PRODUCTION" КИНОКОМПАНИЯСЫ
Тел/факс.: +7 701 252 02 15

EMAIL: festivalbastau@gmail.com