ӘЛІШЕР ЖӘДІГЕРОВ

ӘЛІШЕР ЖӘДІГЕРОВ (төраға)Қазақстан

Режиссер

1995 жылдың 1 қыркүйегінде Арыс қаласында туған. Кентау қаласында «Информатика» мамандығы бойынша «Арнайы кәсіби колледжде» оқыған. Бүгінде А.Жәдігеров Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының   

(көркем киносының режиссурасы» кафедрасы, Болат Қалымбетовтың шеберханасы) студенті. Өткен жылы оның «Отау» атты қысқаметражды фильмі VІІ «Бастау» ХКФ Студенттік қазылар алқасының Гран-при жүлдесіне, сондай ақ 2019 жылы Португалиядағы MIFEC - Mostra Internacional de Filmes de Escolas de Cinema фестивалында Үздік сценарий, және 2019 жылы Бангладеште  өткен 11th International Inter University Short Film фестивалында Үздік оқиға жүлделеріне ие болған.

 

 

 

ЭЛЕН ДАНИЕЛЯН

ЭЛЕН ДАНИЕЛЯН / Армения

Кинотанушы

1998 жылы 11 шілдеде Арменияның Ереван қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бастап Ереван мемлекеттік театр және кино институтында «Кинотану» мамандығы бойынша оқып жатыр. Бүгінде «Хикари» жапон-армян мәдени-білім беру орталығында жұмыс істейді. Шығармашылық іс-шаралар мен жапон поэзиясына арналған кештер ұйымдастырады. «ПанАрмениан Медиа мектепте» теле-журналистика шеберлігін үйренуде. Жапон кинематографиясына арналған алғашқы армян тіліндегі зерттеу жұмысының авторы. Классикалық шетелдік және армян киносы туралы ондаған кинотанушы мақалалардың авторы. Диплом жұмысы Акира Курасаваның шығармашылық мұрасын зерттеуге арналған.

 

 

 

ТАТЬЯНА КУДИНОВА

ТАТЬЯНА КУДИНОВА / Беларусь

Кинотанушы

1999 жылы 25 қаңтарда Белорусьтың Минск қаласында туған. 2014 жылы Минск қаласы Е.А.Глебов атындағы № 10 Балалар музыкалық өнер мектебін «Скрипка» сыныбы бойынша бітірген. Түрлі вокалдық жобаларға қатысып, әндерге мәтін жазады. 2014 жылдан бастап кәсіби түрде фотосуретпен айналысады. 2016 жылы Минскіде № 29 гимназияның орта білімін аяқтады. Сол жылы Белорусь мемлекеттік өнер академиясының экран өнері (Кино мен телевизия режиссурасы» мамандығы, П.В.Иванов курсы) факультетіне түседі. 2017 және 2018 жылдары үздік оқуы үшін ректордың марапаттауына ие болған. 2018 жылы Виктор Туровтың атаулы шәкіртақысын алды.

 

 

 

ДМИТРИЙ ЕЛАГИН

ДМИТРИЙ ЕЛАГИН / Ресей

Кинотанушы

1998 жылы Мәскеуде туған. ВГИК кинотану бөлімінің (К.Э.Разголов шеберханасы) 4 курс студенті. 2017 жылы «Еуропаға терезе» (Ресей, Выборг) фестивалі ресми баспасының корреспонденті болған. 2018 жылы ВГИК халықаралық студенттер кинофестивалінің бағдарламалық директоры болып, бүгінге дейін оның іріктеу комиссиясының құрамында болып келеді. 2019 жылы ВГИК-тің 100 жылдығына орай Ресей қалалары мен шетелдерде көрсетілімдер ұйымдастырған. 41-ші Мәскеу Халықаралық кинофестивалінде ВГИК-тің студенттік фильмдер бағдарламасына жетекшілік еткен.

 

 

 

ДАНИИЛ РЭЙ (КАЖАЕВ)

ДАНИИЛ РЭЙ (КАЖАЕВ) / Қырғызстан

Режиссер, сценариші

2017 жылы Б.Бейшеналиев атындағы Қырғызстан Мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне (Режиссура және кино» мамандығы, үшінші курс студенті) түсті. 2018 жылы «Winter Bird» атты қысқаметражды фильм түсірді. Оның «Млн подписчиков назад» атты келесі картанасы ТМД елдерінің «Үміт» ҮІІ Жас кино Форумы аясындағы ұлттық конкурсқа қатысқан.