Құрметті достар!

Біздің жас фестиваліміз біртіндеп студенттер киносы және кинотанудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасатын мықты кәсіби алаңға айналып келеді.

Студенттердің жұмыстарынан қалыптасып келе жатқан мүлдем жаңа стильді,  жаңаша көрініс тапқан мәңгілік сюжеттерді, қазіргі заманның жаңа образдарын байқалып жүр.   

Фестивальдың биылғы бағдарламасы да ерекше. Биыл студенттердің түрлі жанрда түсірілген қысқа метражды жұмыстарының көрсетілімі өтеді. Біз кино тілінің дамуына дәл қысқа метражды фильмдер үлес қосатынына сеніммен қараймыз.   

 «Бастау» ең алдымен жас кинокергерге қажет. Қазақстанда ұлттық киноматографияға, оған қоса өз бетімен алғашқы қадамдарын жасап келе жатқан жас таланттардың шығармашылығына зор ықылас көрсетіліп жатқанда біздің фестивальдың мәні де өзектілігі де арта түскен. 

Ұлттық кинематография болашағын біз ең алдымен жас киногерлердің шоғырларымен байланыстарымыз. Ал олар өз тарапынан үкілеген үмітті жаңа да  жарқын, талантты, өзіндік қолтаңбасы бар киноленталарымен дәлелдеуде. Олардың туындылары беделді деген халықаралық кинофестивальдарда топты жарып шығып жүр.   

Жұмыстарыңыздың жемісті, ал кездесулер мен көрсетілімдердің қызықты болуын тілеймін!

«Бастау» халықаралық  студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің президенті

Сергей Жұмабайұлы Әзімов