Қауымдастық туралы

Кинофестиваль негізінде Халықаралық киномектептер қауымдастығы жұмыс істейді. Ұйымның қолдауы арқасында студенттер АҚШ, Ресей, Түркия және басқа да мемлекеттерде тағылымдамадан өтіп, өзара тәжірибе алмасады, осылайша кәсіби біліктілігі мен шеберліктерін арттыра жүріп, беделді кинофестивальдарда жүлделі орындарға ие болуда.

Бүгінде Халықаралық киномектептер қауымдастығы қатарында  дүниежүзінің алдыңғы қатарлы 33 киномектебі  бар. Олардың арасында  С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография университеті, Нью-Йорк Киноакадемиясы, Шота Руставели атындағы Грузия Мемлекеттік Театр және кино университеті, Мимар Синан университеті (Түркия),  Берлин киномектебі (Германия), EICAR киномектебі (Франция), Балтық киномектебі, Сингапур киномектебі, Пекин киноакадемиясы, Минск Киномектеп-студиясы, Кинематографияны дамыту Қоры мен «Манас» университеті  (Қырғызстан), Киношкола "Киносервис"  Бірлескен Ашық ұйымы Киномектеп (Тәжікстан) және т.б.

Қауымдастық жұмыс органының арқасында салалық ЖОО студенттері тағылымдамалар мен кинофеситивальдарға бара алады.  

С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография университетінің ректоры Владимир Малышевтің айтуынша, «Бұл қатысушыларының саны, қызық тақырыптары мен шығармашылық сұхбаттар бойынша жылдан жылға қарқын алып келе жатқан жас кинофестваль.  Ол дүниежүзінің өнерлі жастарына  өте пайдалы да маңызды. Оларға қолдау көрсетіп, аяққа тұруына көмектесу - біздің міндетіміз. Сол себептен біз қауымдастыққа біріктік. Бұл –артық қағазбастылықсыз, бір-бірімізге тез көмектесу   құралы».